Францияда 14,5 мың мемқызметші қысқартылмақ

287

0

Францияда 14,5 мың мемқызметші қысқартылмақ Франция үкіметі мемлекеттік қызметшілер аппаратына ауқымды оңтайландыру жүргізбек. Соның аясында таяу екі жылдың ішінде  14,5 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарлануда.

Бұл туралы республиканың премьер-министрі Эдуар Филипп Le Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. «2019 жылы біз шамамен 4,5 мың жұмыс орнын қысқартуды қарастырудамыз. Ал 2020 жылы бұл цифр  10 мыңнан асады»,-деп хабарлады премьер. Филиптің атап өтуінше, оның үкіметі президент Эмманюэль Макронның сайлау алдында берген уәдесінің бірін осылайша орындамақ. Эмманюэль Макрон өзінің сайлау науқаны барысында 5 жылдық президенттік мерзім ішінде (2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін) мемлекеттік аппарат құрылымын оңтайландыра отырып, жалпы алғанда 50 мың мемлекеттік қызметшіні қысқарту ниеті туралы мәлімдеген болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<