Гватемаладағы Фуэго жанартауының атқылауына байланысты 1,7 млн адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл туралы жексенбі күні кешкісін Табиғат апаттарының салдарымен күрес ұлттық үйлестіру орталығының басшысы Серхио Кабаньяс мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Гватемалада 17 млн адам тұрады. Ұлттық вулканология, сейсмология және метеорология институты мамандарының бағалауынша, жанартау теңіз деңгейінен 10 шақырым биіктікке дейін күл шашып жатыр. Фуэго Гватемала аумағындағы ең белсенді жанартаулардың бірі, ол республика астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Табиғи апат салдарынан адамдар қаза тапты. Бұдан бұрын жексенбі күні Эскуинтель муниципалитетіндегі Сан-Мигель-Лос-Лотес елді мекенінде лава атқылаған еді. Биліктің дерегі бойынша, кем дегенде 7 адам мерт болып, 300 тұрғын зардап шеккен. Гватемала президенті Джимми Моралес тұрғындарды жанартаудың атқылауына байланысты биліктің ұсынымдарын орындауға шақырды және бірқатар елдердің үкіметіне қолдау танытқандарыы үшін алғыс айтты.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<