Жеті ойында екі гол салып, командаластарын рухтандырған «Реал» ойыншысы «Алтын доп» иегері атанды. «Күміс допты» Бельгия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Эден Азар алды (алты ойында үш гол), «Қола медаль» – франциялық сұрмерген – Антуан Гризманға тиді (жеті ойында төрт гол).
Жарыстағы ең үздік жас ойыншы атағына Франция құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Киллиан Мбаппе лайықты деп танылды. ӘЧ-2018 жарысының үздік қақпашысы атағын Бельгия құрамасының ойыншысы Тибо Куртуа алды.
Әлем біріншілігінің финалы Мәскеудің «Лужники» стадионында өтті. Франция Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді.





