«Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында жұмысшы жастар арасында футболдан сайыс өткізді.
Спорттық шараның мақсаты – жұмысшы жастармен байланыс орнатып, салауатты өмір салтын насихаттау. Тартысты дода соңында командалар бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталып, естелік суретке түсті.





