Футнет спорт түрінен жарыс өтті

330

0

Футнет спорт түрінен жарыс өтті Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы Күләш Бәйсейітова көшесі №82 мекен-жайында орналасқан спорт алаңында жұмысшы жастар арасында футнет спорт түрінен жарыс өтті. 

Аталмыш шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Тартысты додаға кәсіпорындар мен мекемелердегі жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінен құралған 8 команда қатысты.