Футболдан оқушылар арасында аудандық турнир

179

0

Фото: Арал жастар орталығы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында футболдан 9-11 сынып оқушылары арасында 26 Наурыз – Арал теңізі күніне орай аудандық турнир бастау алды.

Айта кететін болсақ, Қызылорда облысы әкімдігі мен Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) ұйымдастырған халықаралық тұрақты даму форумында қордың құрылған күнін, 26 наурызды – «Арал теңізі күні» деп атап өту туралы шешім қабылданған болатын.

Турнирдің ашылу салтанатына Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Т.Әлжанов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Одан әрі Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасының атқарушы дирекциясының Арал, Қазалы аудандары бойынша өкілі Әлімжан Сүйеубайұлы Сейітов турнирдің өткізілуіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Ауданымызда аудандық дәрежеде өткізіліп отырған турнирге 8 мектеп өзара бақ сынасатын болады.

Жарыстың негізгі мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттерге әуестіліктің жолын кесу, салауатты өмір салтын ұстану және алдағы уақытта облыстық кезеңге аудан командасын жасақтау.

Аталған жарыс 24-26 наурыз күндері өтіп, 27 наурыз күні жеңімпаз бен жүлдегер командалардың марапаттау рәсімі Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасының атқарушы дирекциясының басшылығының қатысуымен өтетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<