Футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

651

0

Бүгін, 12 қарашада футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда Оралдың «Ақжайығы» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары кездеседі.

Ойын елорда уақытымен 15:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған кездесуде қарағандылық Артем Кучин бас төреші қызметін атқарады. Оған алматылық Самат Тергеусізов пен атыраулық Сергей Калачев көмекші болады. Қосалқы төреші – теміртаулық Эльвира Нұрмұстафина.

«Ақжайық» командасы аталған турнирдің финалына шығып көрген емес. Осылайша өз тарихында тұңғыш мәрте кубокты сарапқа салуға мүмкіндік алып отыр.

Ал «Ордабасы» 2011 жылы Қазақстан кубогына ие болса, 2007 жылы финалда Қостанайдың «Тобылына» есе жіберіп қойды.

Аталған турнир 1992 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Бұған дейін Алматының «Қайраты» 10 мәрте кубокты төбесіне көтерді. Барлығы 15 команда кубок иегері атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<