Жауынгер – интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан XXIX республикалық турнир бүгін өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған дүбірлі додада қызылордалық «Муслим» командасы жеңімпаз атанды
Финалдық кездесуде «Муслим» командасы «Альтимуспен» бақ сынасып, 5:3 есебінде айқын басымдықпен жеңді.
Жарыстың толық нәтижесі бойынша:
І орын – «Муслим» командасы
ІІ орын – «Альтимус» командасы
ІІІ орын – «Қожамберді» командасы
ІV орын – «Адамарафат» командасы
Жарыс номинациясы бойынша:
«Үздік қақпашы» номинациясымен – «Адамарафат» командасының қақпашысы Нұрәлем Байдулла;
«Үздік қорғаушы» номинациясымен – «Альтимус» командасының қорғаушысы Жаблон Анаров;
«Үздік шабуылшы» номинациясымен – «Қожамберді» командасының шабуылшысы Олжас Тайбасаров;
«Үздік ойыншы» номинациясымен – «Муслим» командасының ойыншысы Александр Сахацкий марапатталды.
Жеңімпаз командаларға қомақты қаржылай сыйақы мен кубоктар табысталды.
Айта кетейік, дәстүрлі турнирге өңірлерден келген 32 команда, 480-ге жуық спортшы қатысқан болатын.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы






