Жуырда Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде гандболдан әйелдер мен ерлер арасында XXVI Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулері өтті. Супер лиганың әйелдер командалары Play-off-та, ал, жоғарғы және супер лигалардың ерлер командалары V турда өзара мықтыны анықтады.
Чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынасты. Супер лигада 23 жастан жоғары гандболшылардан құралған «Алматы», «Астана», «Қайсар», «Шымкент» әйелдер командалары ойнады. Шешуші кезең, плей-оффтың жеңімпазы қызылордалық «Қайсар» командасы ел чемпионы атанды. Ал, «Астана» гандболшылары 2-ші орынды иеленіп, күмісті олжаласа, «Алматы» гандбол клубы қола жүлдені қанағат тұтты.
Марапаттау рәсіміне Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Алматы қаласы гандбол Федерациясының өкілдері, бапкерлер, спортшылар және Қазақстан гандбол клубтарының жетекшілері қатысты. Олар қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады.
А.БЕК.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<