«Валака» солтүстік-батыстағы атоллдар ішіндегі үлкендігі жағынан екінші арал болатын. Оның ені 120 метр, ұзындығы 1 шақырымды құрайды. Жоғалып кету қаупі төніп тұрған (ұзындығы 80 сантиметрден 1,4 м дейін жететін, салмағы 600 келі болатын) жасыл теңіз тасбақаларының дүние жүзі бойынша жартысынан астамы осы аралда өмір сүретін еді. Архипелаг 24 арал мен атоллдардан тұрады. Ғалымдар жаһандық жылыну әсерінен басқа аралдар да жоғалып кетеді деп алаңдап отыр.
Гавай аралдарының бірі су астына кетті
26.10.2018
661
0





