Жылу беру маусымында қоғам мен тұрғын үйлерде өрттің алдын алу мақсатында газ жабдықтарын дұрыс пайдалану жөнінде түсіндірме жұмысы өтті.
«Қызылорда газ тарату жүйесінің» бас инженері Б.Ысқақовтың, аудандық газ шаруашылығы кәсіпорынның директоры С.Жанашевтің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Ж.Нұрланұлының қатысуымен Жалағаш ауданындағы №31 мектеп-гимназиясының оқушыларына, ұстаздарына профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында 68 оқушыға, 4 ұстазға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 72 дана үнпарақ таратылды.
Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<