Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 41 252-ге жетті

237

0

Фото: aa.com.tr

Соңғы 24 сағат ішінде атқылаудан 26 палестиналық қаза тауып, тағы 84-і жараланды. Бұл туралы Анадолы жазды.

2023 жылдың 7 қазанынан бері блокададағы Газа секторына геноцид жасады деп айыпталған Израиль армиясының шабуылдарынан көз жұмғандар саны 41 252 адамға жетті. Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің жаппай шабуылдары 347-ші күннен бері тоқтаған жоқ.

«Соңғы 24 сағаттың ішінде Израиль армиясы Газа секторының әртүрлі аймақтарында үш «қырғын» жасап, нәтижесінде 26 палестиналық қаза тауып, тағы 84 адам жарақат алды», – делінген хабарламада.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің шабуылдарынан жарақат алған палестиналықтардың саны 95 497-ге жетті. Мыңдаған адамның денесі ғимараттардың қирандыларының астында қалған болуы мүмкін. Азаматтық қорғаныс топтары Израильдің шектеулеріне байланысты оларға жете алмай отыр.

Айта кетейік, БАӘ Газадан 100-ге жуық жаралы адам мен ауыр науқасты эвакуациялады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<