Газадағы құрбандар саны 45 805-ке жетті

85

0

Фото: Анадолы

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылдарынан қаза тапқандар саны 45 805-ке жетті. Бұл туралы Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Анадолы.

– Қақтығыс 457 күннен бері жалғасуда. Тек кейінгі 24 сағатта Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймақтарында жасаған «бес қырғын» нәтижесінде 88 адам қаза тапты. Сонымен қатар Палестина эксклавының 208 тұрғыны зардап шекті, – делінген хабарламада.

2023 жылдың 7 қазанынан бері 109 064 палестиналық жарақат алған.

Қаза тапқандардың мәйіттері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр.

– Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль әскерилері тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмай отыр, – деп қосты ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы Газа секторына 100-ден астам шабуыл жасағанын жазған едік.

ХАМАС Газа секторындағы атысты тез арада тоқтату келісіміне қол жеткізгісі келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<