Газдандыру жұмыстары қарқын алды

209

0

Қазіргі таңда жалпы құны 3,1 млрд.теңгені құрайтын Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне автоматты газ тарату станциясын (АГТС) орнатумен қоса «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы жобасы іске асырылуда.
2018 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге және облыстық бюджеттен 120,0 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ал 2019 жылға республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге, облыстық бюджеттен 197,0 млн теңге қаржы бөлініп, осы жұмыстар мамыр айында аяқталатын болады.
Сондай-ақ, жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің квартілішілік газ құбырлары желісінің құрылысы 2019-2020 жылдары іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру үшін 2019 жылға республикалық бюджеттен 525,0 млн теңге және облыстық бюджеттен 52,0 млн теңге қаржы бөлінуде, 2020 жылға 1 млрд 679 млн теңгені республикалық және 188,0 млн теңгені облыстық бюджеттерден бөлу жоспарлануда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<