Газды қарумен оқ атқан тұрғын қамауға алынды

557

0

Қызылордада газды қарумен оқ атқан тұрғын қамауға алынды. Әлеуметтік желіде белгісіз азаматтың газды тапаншамен ауаға оқ атқан видеосы жарияланды.

«Тексеру барысында оқиға Қызылордада той өткізу кезінде болғаны анықталған. Одан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша 24 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 484-бабы, 485-бабы бойынша хаттамалар толтырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда ол 7 тәулікке қамауға алынған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<