«Газпром» Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарын газдандыруға дайын – Владимир Путин

14000

0

Фото: kazpravda.kz

Ресей Президенті Владимир Путин «Казправда» газетіне берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетика, газ тасымалдау туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Табиғат пен география Ресей мен Қазақстанға энергетика саласында айтарлықтай бәсекелес бола алатындай артықшылық береді, оларды біз өз азаматтарымыздың игілігі үшін барынша пайдалануға тырысамыз. Біздің жетекші «Газпром», «Роснефть», «Лукойл», «Татнефть» компаниялары Қазақстаннан келген серіктестермен бірге кен орындарын игеруде, энергия ресурстарын өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар салуда. Олар өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруды жоспарлап отыр. Газ саласындағы өзара іс-қимылды кең перспективалар ашады. Бұл көптеген жылдар бойы қалыптасқан Ресей мен Орта Азиядағы газ тасымалдау және газ тарату жүйелерінің инфрақұрылымы мен маршруттарымен, екіжақты және көпжақты негізде үйлестірудің жоғары деңгейімен түсіндіріледі», – деді Владимир Путин сұхбат барысында. 

Еске сала кетсек, 7 қазанда Қазақстан мен Өзбекстан президенттерімен бірге Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға ресейлік табиғи газды жеткізу келісілді. 

«Бұл бағыт қолда бар газ тасымалдау желілерін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, үш елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің дамуына ықпал ететін болады. Болашақта Түркіменстаннан келген әріптестерімізбен де кеңес өткізген жөн деп санаймыз. Олар дәстүрлі түрде осы нарыққа қатысады. Және олардың мұндай өзара әрекеттесуге қосылуы ортақ мүдде. Қазақстанға келетін болсақ, Ресей биыл 18 қаңтарда қол қойылған «Газпром» мен Қазақстан Үкіметінің газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі «Жол картасына» сәйкес оның солтүстік және шығыс аудандарын газдандыруға көмектесуге дайын. Қазіргі уақытта тиісті газ тасымалдау инфрақұрылымын жөндеудің әртүрлі нұсқалары пысықталуда», – Ресей Президенті. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<