Геннадий Головкин енді Қазақстанның үздік боксшысы емес

475

0

Фото: sports.kz

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингіде Қазақстанның үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Instagram-дағы Қазақстанның кәсіпқой боксы парақшасына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ұзақ уақыт үзіліс себебімен Boxrec.com рейтингінен шығарылды. Осылайша ол Қазақстанның үздік боксшылары тізіміндегі бірінші орыннан түсіп қалды.

Головкиннің орнын WBO International нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11КО) басты.

Қазақстан боксшыларының ТОП-үштігіне, сондай-ақ WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9КО) мен Бекман Сойлыбаев (17-1, 18КО) еніп отыр.

Геннадий Головкинге келер болсақ, 41 жастағы боксшы биылғы жылы барлық чемпиондық белдігінен бас тартқан болатын. Ол рингке орала ма, әлде спорттан кету шешімін қабылдай ма – әзірге белгісіз.

Айта кетейік, BoxRec порталы тамыз айының басында салмақ санатына қарамастан әлемдегі үздік боксшылардың рейтингін жариялаған болатын. Онда Головкин Теренс Кроуфорд (АҚШ), Сауль Альварес (Мексика), Дмитрий Бивол (Ресей) және Наоя Иноуэден (Жапония) кейінгі 5-орында орналасқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<