Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) мен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр. ExpressNews.com мәліметнше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас. GGG ісін жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың айтуынша, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылып отыр, өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан. «Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады», – дейді Бедфорд.
Дереккөз: tengrinews.kz





