Германияда балаларға жасалатын зорлық-зомбылық 20% көбейді

523

0

Фото: Pexels

Германияда бес жылда балаларға қатысты сексуалды қылмыстар саны шамамен 20 пайызға өсті, деп жазады DW. 

Германияның құқық қорғау органдары 2023 жылы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасау фактілері 5,5 пайызға артқанын хабарлады.

2023 жылы елдің құқық қорғау органдары балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың 16 375 фактісін тіркеді, ал 14 жасқа дейінгі 18 497 бала зорлық-зомбылық құрбаны болған. 

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға көп.

Зардап шеккен балалардың 15 460-ы — немістер (5 пайызға өсті) және 3037-і — Германияда тұратын шетелдіктер (өсім — 24,1 пайыз).

«Германияда күн сайын 54 бала мен жасөспірім сексуалды зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады, бұл — жантүршігерлік әрекет», — деді Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фаезер.

Айтуынша, жапа шеккен балалардың көпшілігі қылмыскерлерді таниды, көп жағдайда ондай әрекетті отбасы мүшелері жасайды.

Жыл ішінде балалар порнографиясын өндіруге, таратуға, сатып алуға және сақтауға қатысты істердің саны да айтарлықтай өскен.

2023 жылы ондай істер саны 45 191-ге жеткен, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға артық.

2019 жылдан бері мұндай қылмыс үш еседен асқан.

«Қылмыскерлер еш жерде өзін қауіпсіз сезінбеуі керек. Сондықтан біз Интернет провайдерлерінен қылмыскерлерді анықтау және балалар мен жасөспірімдерді жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін IP мекенжайларын сақтауды талап етуіміз керек», — деді Нэнси Фезер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<