Германияда Homo sapiens қалдықтары табылды

625

0

Фото: dw.com

Ежелгі адамның қалдығы Тюрингия федералды штатына қарасты Ранис деп аталатын шағын қаланың жанындағы Ильзенхель үңгірінен табылған. Бұл туралы DW порталы жазды.

— Сол уақытта бұл аймақта қазіргіден орта есеппен 7-15 градус суық болған. Соның өзінде адамдар бәріне бейімделе білген, – деп атап өтті Макс Планк қоғамының Лейпциг эволюциялық антропология институтының ғалымдары.

Бұл жаңалық тарихи деректерге деген көпшіліктің көзқарасын түбегейлі өзгертіп отыр. Өйткені осы уақытқа дейін ақылды адам Еуропада шамамен 40 мың жыл бұрын қоныстанған деп есептелді, ал табылған және өңделген тас пышақтар неандертальдықтарға тиесілі екені анықталды. Осыған байланысты ғалымдар бұл құралдарды Еуропада неандертальдармен қатар өте ұзақ уақыт — шамамен 10 мың жыл өмір сүрген адам жасаған деген тұжырым жасады.

Зерттеушілердің ойынша, үңгірді жануарлар да, адамдар да уақытша баспана ретінде пайдаланған.

Homo sapiens-тің солтүстік аймақтарға азық-түлік іздеп көшіп келгені болжанып отыр. Себебі мұнда сол уақыттарда суыққа төзімді, үлкен жабайы табындар болған. Аталмыш жануарлардың тістерін талдау аймақта өте суық континентальды климат басым болғанын және жер бедері қазіргі Сібірге ұқсайтынын көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<