«Шэньчжоу-20» кемесінің үш мүшесі — Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе — «Шэньчжоу-21» кемесінің қайтару капсуласынан аман-есен шықты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Қытайлық ғарышкерлер (таконавтар) орбитада 204 күн өткізген. ҚХР Пилотпен басқарылатын ғарыш бағдарламасы басқармасының (CMSA) мәліметінше, олардың денсаулығы жақсы.
Жұма күні Бейжің уақытымен 17:21-де капсула Жерге қонғаннан кейін одан бірінші болып экипаж командирі Чэнь Дун шықты. Ол орбитададағы уақыты 400 күннен асқан тұңғыш қытайлық ғарышкер атанды.
Еске сала кетсек, Қытай зақымдалған ғарыш кемесінің экипажын Жерге қайтаруға дайындалып жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ «Шэньчжоу-20» тайконавттары ғарышта 200 күннен астам уақыт өткізгенін хабарладық.
Ғарышта қалып қойған қытайлық тайконавттар Жерге қашан оралатынын да жаздық.






