Ғасыр жасаған әже толқұжатын жаңалады

653

0

Ғасыр жасаған қызылордалық Күлхатша Байболатова төлқұжатын жаңалады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 бөлім мамандары тыл ардагерінің үйіне барып қызмет көрсетті. Мамандар тапсырыс түскен бойда қарт ананың үйіне барып, төлқұжатқа суретке түсіріп, құжатын рәсімдеді. Құжаты дайын болғанда үйіне апарып табыстады.

Ғасыр ғұмырлы әже 1922 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. Бүгінде шөпшек сүйіп отыр. Мамандар төлқұжатын табыстауға барғанда Абдумалик атты шөпшегін алдына алып отыр екен. Кішкентай балақай мен әжесінің жас айырмашылығы тура 100 жыл.

Қарт ана төлқұжатын жаңалауға қол ұшын созған ХҚО мамандарына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Жыл басынан бері филиал мамандары тұрғындар үйіне барып, 1882 қызмет көрсеткен. Олардың ішінде электронда цифрлық қолтаңба алу, төлқұжат ауыстыру және мүгедектерді техникалық-көмекші құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметтеріне көп тапсырыс түскен.

Мемлекеттік қызметтерді үйден алуға барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандар, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және денсаулығына байланысты жүріп-тұруы шектелген 65 жастан асқандар (медициналық анықтамасы болған жағдайда) 1414 бірыңғай байланыс орталығына тапсырыс бере алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<