Қазалы қаласындағы №66 дауыс беру учаскесінде “Ғибрат әжелер” ансамблінің мүшелері республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Ақ жаулықты аналар ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Олар референдумға арнайы келіп, дауыс беру арқылы жас ұрпаққа өнеге болып, ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Елдік мүддені бәрінен биік қоятын аналарымыздың бұл қадамы – қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.





