Ғылым сырын ашқан зияткерлер додасы

527

0

NIS оқушылары арасында ұйымдастырылған желілік ғылыми жобалар сайысының екінші күні сәтті аяқталды. Сырбойылық зияткерлер 19 зерттеу жұмысын таныстырып, ғалымдардың оң бағасын алды.

12-сынып оқушылары Әділ Өмірзақ пен Шыңғыс Абдуллаев жасанды интеллект арқылы зағип жандарға арналған қоғамдық көлік номерін анықтау құрылғысын әзірлесе, 11-сыныптың білім алушысы Арайлым Әшірмет ауаны ластаушы қатты бөлшектерді анықтау және одан қорғануға мүмкіндік беретін «эко-дабыл» жүйесін жасап шығарды.

Сондай-ақ, қызылордалық өрендер «Көмек», «Naqyl soz» секілді мобильді қосымшалар әзірлеп, химия,физика,  биология, тілтану мен өлкетану  бағытындағы өзекті мәселелерді шешетін тың идеяларын ұсынды.

Ғылым сырын ашқан зияткерлер додасы

Айта кетейік, жыл сайығы дәстүрлі додадаға биыл 900-ден астам оқушы қатысып, 636 жоба қорғайтын болады. Қызылордалық өрендер барлығы 32 жоба ұсынып отыр. Үздік шыққан қатысушылар республикалық сайысқа жолдама алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<