Көпбейінді облыстық ауруханада «Жүрек-қантамыр ауруларының инновациялық емдеу әдістері мен диагностикасы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған university Medical Center Клиникалық академиялық кардиохирургиялық департамент дәрігерлері мен А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының білікті мамандары және облыстағы барлық кардиолог-дәрігерлер қатысты.
Алғы сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу – алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Абубакирова Жаңыл Исақызы ұжымға жылы лебізін жеткізіп, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпьайқызының құттықтау хатын табыс етті. Аурухананың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханұлы да құттықтап, кардиологтардың алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Конференцияға келген тәжірибелі дәрігерлер баяндама жасады. Басқарма басшысының орынбасары Жаңыл Исақызы Кардиоорталық қызметкерлеріне облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлымен, басқарма басшысы Олжас Ермекұлының Алғыс хатын табыс етті. Концеренция соңында дәрігерлер баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<