Гимнаст Нариман Құрбан Әлем кубогының күміс жүлдесін иеленді

350

0

Гимнаст Нариман Құрбан Әлем кубогының күміс жүлдесін иеленді Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңінде қазақстандық Нариман Құрбан екінші орын иеленді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сілтеме жасап.

Спортшымыз атпен жаттығу кезінде 14,500 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Нариман әлем кубогі кезеңінде жапониялық қарсыласына ғана есе жіберді.

«Өкінішке қарай, мен өзімнің бар мүмкіндігімді көрсете алмадым. Күміс жүлдегер атанғаным одан әрі шеберлігімді арттырып, алға басуыма септігін тигізеді. Иә, өз әлеуетімді 100 пайызға пайдаланған жоқпын. Әйтсе де, соңғы кездері қандай ауыртпалықты бастан өткергенімді ескерсем, бұл – жақсы нәтиже. Алда биылғы маусымның ең маңызды додасы – Азия ойындары күтіп тұр. Аталған сынға үлкен жауапкершілікпен дайындалып жатырмын», – дейді Нариман Құрбанов.

Айта кету керек, бұл Құрбановтың алғашқы жеңісі емес. Ол Аустралияда өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, жерлесіміз тек өзі ғана орындай алатын жаттығуымен ерекшеленеді. Атпен жаттығуда жасалатын The Kurbanov элементін әлемде Нариманнан өзге ешкім орындай алмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<