Гір көтеру: Жеңімпаз спортшылар анықталды

317

0

Фото: Сыр спорты

26-30 сәуір күндері Өзбекстанның Яндижан және Хоновод қаласында гір көтеруден жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтті.

28 мемлекеттен келген 500-ге жуық үздік спортшы өзара сынға түсіп, сайысты.

Жарыс нәтижесі бойынша:

78 кг салмақта Ербол Әзиз – көпсайыстан алтын, серпе және жұлқадан қола медаль еншіледі.

63 кг салмақта Өтеген Әділбекұлы – қоссайыстан күміс, жұлқадан қола жеңіп алды.

53 кг салмақта Өмірбек Әлтайыр – қоссайыстан күміс еншіледі.

68 кг салмақта Нұрлан Қуаныш – серпе мен қоссайыстан қола медаль жеңді.

73 кг салмақта ардагер спортшы Медетбаев Оразбек серпе мен жұлқадан алтын алды.

Жаттықтырушылар: Медетбаев Оразбек, Назаров Қабыланбек, Сейтенов Абдулхасан, Сәруәрдин Әлішер

Спортшыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы