Головкин мен «Канело» Айдос Ербосынұлына қолдау көрсетті

678

0

Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес ауыр нокаут алып ауруханаға түскен Айдос Ербосынұлына қолдау көрсетті. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де отандасының тезірек айығып кетуіне тілестестік білдірді, деп хабарлайды Sports.kz .

«Сен үшін дұғадамын, бауырым», — деп жазды «Канело» өзінің Instagram парақшасындағы «сториске» қазақстандық спортшының суретін жүктеп.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы осы жылдың көктемінде Сауль Альварестің спарринг-серігі болған.

«Денің сау болсын, тезірек жазылып кет, Айдос. Туыстары мен жақындарына сабыр берсін», – деп жазды Геннадий Головкин Instagram «сторисіне».

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері супер орта салмақта WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы титулы үшін өткен жекпе-жекте Ербосынұлы кубалық Давид Моррельден ауыр нокаут алып, жеңіліп қалған болатын.

Кейіннен ауруханаға жеткізілген Айдостың жасанды комада жатқаны белгілі болды.

Күні кеше ғана оның комадан шыққаны хабарланған еді. Дәрігерлердің айтуынша, Айдостың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<