Танымал британдық Daily Mail басылымы Билли Джо Сондерстің Мартин Мюрреймен айқасы өтпейтіндіктен, Геннадий Головкинмен немесе Салуь Альвареспен кездесуі мүмкін деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«WBO белбеуі бар Сондерс қарсылассыз қалды. Егер Сондерс Головкинмен айқасса, жекпе-жек Англияның футбол стадионында – Лондондағы Олимпиада стадионында өтетін шығар. Головкинге міндетті үміткерлермен жұдырықтасу қажет, ал «Канелоның» ешқандай міндеті жоқ. Ол Сондерсті чемпиондық белбеуге жетудің ең қысқа жол ретінде қарастырып жатыр. Лас-Вегас және T-Mobile Arena – бұл айқас үшін ең тиімді орын», – деп жазды Daily Mail. Еске салайық, Головкин WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Сондерс – WBO белбеуінің иегері. Головкин мен «Канелоның» қыркүйектегі рематчы қаржылық келіспеушіліктерге байланысты тоқтап тұр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<