Орта салмақтағы WBC, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаңа бапкерінің кім екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz. Ол -Джонатон Бэнкс. Бұл туралы DAZN өкілі Крис Мэнникс мәлім етті. Еске сала кетсек, соңғы тоғыз жыл бойы Геннадий Абель Санчеспен жұмыс істеді, дегенмен таяуда онымен қош айтысты. Бұған негізгі себеп – қаржылық жағдай.
Бапкердің айтуынша, Головкин оған жалақыны -10, ал гонорарды 2 пайызға қысқартпақ болған.





