Головкиннің бапкері боксшының танымалдылығының сырын ашты

225

0

WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес жанкүйерлер неліктен қазақтандық боксшыны ұнататынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадий – халықаралық тұлға, ол жанкүйерлерінің басын бір арнаға тоғыстырады. Себебі ол ешқашан «Мен бәленмін…», «Мен түгенмін…» деп өз-өзін мақтап сөйлемейді. Ол – барлығына ортақ. Мексикалық әйгілі чемпион  Хулио Сесар Чавес секілді. Латынамерикалық жанкүйерлер Головкиннің ойындарын тамашалайтынына, Геннадий нағыз чемпион екенін  және оны дәлелдеудің қажеті жоқтығын түсінетініне сенімдімін. Сондықтан да боксшының қолдаушылары көп», – деді Санчес No Puedes Jugar Boxeo-ға берген сұхбатында. Головкин 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында мексикалық боксшы Сауль Альвареспен кездесетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<