Гонконгта Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

621

0

Фото: Александр Павский/Kazinform

Әнші Димаш Құдайберген 23 желтоқсанда Гонконгта жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

Концерт STRANGER әлемдік турнесі аясында өтпек. Бұл туралы әншінің жеке сайты жазды.

«2023 жылдың 23 желтоқсанында Димаш STRANGER әлемдік турнесінің аясында Гонконгта жаңа жеке концертін өткізеді. Бұл күннің Димаштың шығармашылық өмірінде маңызы зор. Дәл осы күні, 7 жыл бұрын қазақстандық әнші «I am Singer» жобасына қатысу үшін Қытайға алғаш рет келіп, Dears-пен бірлескен сапары басталды. Ұйымдастырушы: ACO Entertainment Ltd, Бірлескен ұйымдастырушылар: 168 Production/Sing Sing Production/About Now Entertainment/Leslie Studio/Unlimited Performance/espresssoul. Билет сатылымының басталуы туралы ақпарат жақын арада белгілі болады. Жаңалықтардан хабардар болыңыздар», – деп жазылған хабарламада.

Ауқымды шоу 20:00-де Гонконг көрме орталығында, HALL 5BC-де өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<