Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен 2025 жылды қорытындылауға және Жаңа 2026 жылды қарсы алуға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты шара барысында грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали биылғы тарихи жетістігі үшін «Жыл спортшысы» номинациясымен марапатталды.
Бұл марапат – аймақ спортының абыройын асқақтатқан айтулы жетістік деп білеміз.
Сыр спортшысы Айдос Сұлтанғалиді шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы






