Грекияда 2025 жылғы орташа ауа температурасы ел тарихында тіркелген ең жоғары орташа жылдық температуралар арасында екінші орынға шықты. Бұл туралы Анадолу жазды.
Климатологтардан құралған «Climatebook» тобы Грекиядағы 2025 жылғы ауа температурасына жан-жақты бағалау жүргізілген.
Есепте көрсетілгендей, бүгінгі күнге дейін Грекия аумағында жүргізілген барлық өлшеулердің нәтижесі бойынша, жылдық орташа температурасы 15,3 градус болған 2025 жыл, 1890 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бақылаулар тарихында, 2024 жылдан кейінгі екінші ең ыстық жыл болып танылды. Айта кету керек, 2024 жылы орташа жылдық температура ең жоғары көрсеткішке жеткен.
Өткен жылғы орташа температура 2024 жылмен салыстырғанда 0,7 градусқа төмен, ал 2023 жылмен салыстырғанда 0,1 градусқа жоғары болды.
Жыл бойы 262 күнде ауа температурасы 1991–2020 жылдар аралығындағы орташа көрсеткіштен жоғары болған. Сонымен қатар былтырғы наурыз айында елдің көптеген өңірінде температура рекордтық деңгейге жеткен.
Өткен жылдың жазы Грекия тарихындағы үшінші ең ыстық жаз ретінде тіркелді.
Жалпы алғанда, Грекиядағы ең ыстық жеті жылдың алтауы соңғы жеті жылға тиесілі. Ал ел тарихындағы ең ыстық үш жыл соңғы үш жылда қатарынан тіркелген.
Айта кетсек, Шанхайда аптап ыстық ұзақтығы бойынша жүз жылдық рекорд жаңарды.






