Грекия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 90% бюллетень саналғаннан кейін «Жаңа демократия» 39,78% дауыс алған, ал биліктегі солшыл коалиция «Сириза» – 31,56%. Айырмашылықтың аса көп болмағанына қарамастан «Жаңа демократия» басым дауысқа ие болады, өйткені парламентте жеңімпаз қосымша 50 орын алады. Премьер-министр Алексис Ципрас «Жаңа демократия» лидері Кириакос Мицотакиске қоңырау шалып, оны «Сириза» партиясының атынан жеңісімен құттықтады. Ал дүйсенбіде оның билікті елдің жаңа көшбасшысына тапсыруы күтіліп отыр.
Грекиядағы сайлау: Оппозициялық «Жаңа демократия» партиясы жеңіске жетті
08.07.2019
276
0





