Үгіт-насихат жұмысына 1500 адам жұмылдырылды

408

0

Үгіт-насихат жұмысына 1500 адам жұмылдырылды Еліміз бойынша Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына ұсыныстар мен тың идеялар жинау үшін «BIRGE» жалпыұлттық акциясы жүргізіліп жатыр. Акция аясында еліміздің әр азаматы жергілікті жердегі қоғамдық штабтарға келіп өз пікірлерін білдіріп, дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанның алдында тұрған басым бағыттарды айқындауға тікелей қатыса алады. Бұл туралы облыстық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Ержан Байтілес баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстағы үгіт-насиxат шараларына 1500 адам жұмылдырылды. Бүгінгі күнге дейін үгіт-насихат жұмыстарына келген ақпараттық материалдардың 81,1 проценті пайдаланылды. Үгіт-баспа материалдары кандидаттың сайлау қоры қаражатының есебінен әзірленген. Кандидатты насихаттайтын жалпы саны 30 билборд арнайы белгіленген орындарға ілінді. Олардың 15-і аудандарда. Үгіт–насихат жұмыстар аясында «Есіктен-есікке» акциясы өткізілуде. Шара аясында облыс бойынша кандидаттың сенімді өкілдері 28060 үйді аралап, әрбір отбасына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Қазір «Бірге» акциясы аясында тұрғындардан 11 368 дана бланк жинақталды. Сайлаушылардың ұсыныс-тілектері республикалық қоғамдық штаб сайтының www.toqaev2019.kz арнайы бөлімінде ал, әлеуметтік желілерде #Birge хэштегі бойынша жүргізіліп жатыр. Акция 13 мамырдан 7 маусымға дейін жалғасатын болады, – деді облыстық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Ержан Байтілес.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстағы қоғамдық штабтары жанынан кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды. Мұнда да сенімді өкілдер жергілікті тұрғындарды қабылдап, ұсыныстар жинақтап жатыр. Төрт күннің ішінде облыс бойынша барлығы 185 азаматтан ұсыныс-тілектер қабылданған.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<