Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды

33

0

Фото: коллаж POLITICO.KZ

24 наурыз күні Алматыдағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.

«Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз.Естеріңізде болса, туыстары Баир 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы», деп жазды Жазира Бегалы.

Бұған дейін марқұмның жары «Бармысың бауырым?» бағдарламасына шығып, іздеу салған еді. 

«Біреу ұстап отыр ма?»: әнші Гүлнәр Сиқымбаевның ұлына қатысты тың дерек айтылды