Гүлнұр Мамасарипова «Келінжандағы» ең «қымбат» актер кім екенін айтты

405

0

Фото: ашық дереккөз

Хабар арнасындағы «Ұйқым келмейді» бағдарламасында продюсер Гүлнұр Мамасарипова көрерменнің сүйікті сериалына айналған «Келінжандағы» актерларға баға берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Продюсердің айтуынша, сериалдағы ең «қымбат» актер – ененің рөлін сомдаған Лейла Бекназар. «Мен ақша жағынан айтып тұрмын. Ол кісі арзан актер болмауы керек деп ойлаймын», – деді продюсер.

Сонымен қатар «Ең жалқау актер» номинациясын ешкімге «қимайтынын» айтты. Өйткені бәрі еңбекқор.

Жүргізуші ең ұмытшақ актер туралы сұрағанда, продюсер «Дәулет пен Сара» деп жауап берді. Сонымен қатар көп талап қоятын актриса Дариға Бадықова болып шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<