
Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарының, азаматтық қорғаныс және басқа да құрылымдардың күштері мен құралдарының дайындығын, түрлі күрделі элементтері бар шынайы жағдайға барынша бейімділігін тексеру болып табылады. Сондықтан, жаяу жүргіншілер мен көлік кұралдарының қозғалысы шектелетіндігін ескертеміз.
Қала тұрғындарынан түсіністік танытып, сабырлық сақтауларын сұраймыз.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі