Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 19 сессиясы 2018 жылғы 29 наурызда сағат 11:00-де облыстық мекемелер Үйінің (Сұлтан Бейбарыс к., 1) мәжіліс залында ашылады.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:
1. Қызылорда облысы тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттері туралы.
2. Қызылорда облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы.
3. «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
4. Қосымша мәселелер.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары 2018 жылғы 28 наурызда сағат 15:00-де, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат 16:30-да өткізіледі.
Облыстық мәслихат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<