Мәжіліс депутаты Амангелді ауылында болды

266

0

Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева Сырдария ауданына қарасты Амангелді ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында халық қалаулысы ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Руслан Рүстемов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып және ауылдық округтің тұрғындары қатысты.
Жиынға төрағалық жасаған аудан әкімі Руслан Рүстемов Сырдария ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Өз кезегінде депутат Парламент Мәжілісінің қабырғасында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып, тұрғындар сұрақтарына жауап қайтарды.
Мұнан кейін Балайым Туғанбайқызы Амангелді ауылындағы №8 «Айгүл» балабақшасының жұмысымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<