Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері Байқоңыр қаласындағы жұмыс сапары кезінде қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, көрсетіліп жатқан қызметтердің барысымен танысты.
Орталықтың қызметімен республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелерін ХҚКО-ның Байқоңыр қалалық бөлімінің басшысы Шара Ұзақова таныстырды. Орталық Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің тұрғындарына 600-ден аса электронды мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Аталған орталық арқылы 2017 жылы 70203 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Орталықтың жұмысымен танысу барысында республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алушы Байқоңыр қаласының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мониторингтік топ халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына оң бағасын берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<