ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШІ-ҚОН ҰЙЫМЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

167

0

Қызылорда қаласында БҰҰ миграция жөніндегі агенттіктің Халықаралық көші-қон ұйымы үйлестірушілерінің қатысуымен «Кіші кәсіпкерліктегі әйелдер қоғамы»  бірлестігі баспасөз мәслихатын өткізді.

Айтулы шараға Миграция бойынша халықаралық ұйым, көші-қон қызметі, облыстың ІІД ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,  облыс бойынша мемлекеттік кіріс департаменті, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Өзбек этномәдени бірлестігі өкілдері қатысты. Баспасөз маслихатында еңбек қатынастарын реттеу, елдегі әлеуметтік көмекке қолжетімділігі, құжат жоғалту, жалақы төленбеу, жұмыс берушінің еңбек келісімін жасаудан бас тарту, жұмысқа рұқсат беру, Қазақстандағы оқу мен денсаулық сақтау саласындағы қызметтер құқықтық реттеу тақырыптары аясында ақпараттар ұсынылды.

«Кіші кәсіпкерліктегі әйелдер қоғамы» бірлестігінің  төрайымы Салтанат Сыздықованың айтуынша, бұл қоғамдық  бірлестік Миграция бойынша халықаралық ұйыммен әріптес болу арқылы 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мигрант әйелдердің құқығын қорғап, олардың қадір-қасиетіне нұқсан келтермей, елдеріне аман-есен қайтуларына жағдай жасайды.

Миграция  жөнінде  халықаралық өкілдік Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстанда 2000 жылдан бері мигрант және адам саудасы бойынша бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Осыған дейін мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен тығыз әріптестік  байланыс жасаудың нәтижесінде ондаған жоба жүзеге асырылған.

                                                                                        Жансая ҚЫДЫРБАЙ, 

                                          Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті