ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев, Сенат депутаттары Наурызбай Байқадмов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Арал ауданындағы жұмыс сапарын Сапақ елді-мекенінің тұрғындарымен кездесуден бастады.
Онда халық қалаулылары жыл басынан бері Парламент қабырғасында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, Сенат пен Мәжіліс шеңберінде қаралған заң жобаларының нәтижелерімен бөлісіп, ауыл азматтарының ұсыныс- пікірлерін тыңдады. Тұрғындар депутаттарға ауылды мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда елді мекендегі ең өзекті деген мәселелердің бір жаңа мектептің құрылысын салу, сонымен қатар ауылішілік инфрақұрылымдарды дамыту сынды мәселелерін сөз етті.
Елді- мекен халқымен кездесуден соң депутаттар 2004 жылы асарланып салынған №69 орта мектептің жай- күйімен танысты. 2 ауысым бойынша білім беретін білім ошағында 135 оқушы оқиды мектепте 6 оқу кабинеті жасақталған.






