Халық саны 19 млн 700 мыңға жуықтады

612

0

1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны – 19 млн 691,9 мың адам. Оның ішінде қалалықтар – 12 151,7 мың (61,7%), ауылдықтар – 7 540,2 мың адам (38,3%), деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 188,7 мың адамға немесе 1 %-ға өсті.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі өткен жылмен салыстырғанда (201,2 мың адам) 1,6%-ға кеміп, 198 мың адамды құрады.

Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда – 13,49 адам.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<