«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

205

0

Төрешілер шешімімен «Халықтың сүйіктісі – 2019» ұлттық сыйлығының ақтық дауыс беру қорытындысы бекітілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

9 маусымдағы лауреаттарының тізімі мынадай:

«Жылдың үздік мәдениет қайраткері» – қазақ әншісі, композитор Димаш Құдайберген;

«Жылдың үздік мұғалімі» – Нұр-Сұлтан қаласындағы экономикалық лицейдің педагогы Ербол Әренов пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Түймеш Дәрішева;

«Жылдың үздік дәрігері» – ҚР ПІБ №1 МОА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талапбек Әженов;

«Жылдың үздік спортшысы» – танымал қазақ дзюдошы, Рио-де Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов;

«Жылдың үздік спортшы қызы» – Мәнерлеп сырғанаудан 2019 дылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева;

«Жылдың үздік парламентарийі» – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев;

«Жылдың үздік тележүргізушісі» – «КТК» телеарнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Гүлмира Әбіқай;

«Жылдың үздік публицисі» – 30 кітап авторы, публицист Бақытқожа Рүстемов;

«Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы» – «Informburo.kz;

«Блог саласының көшбасшысы» – Facebook блогері Самат Нұртаза;

«Жылдың үздік трэвел-блогері» – бизнесмен, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов;

«Жылдың үздік кәсіпкері» – «Гормолзавод» ЖШС-ның бас директоры Асен Жақсалықов;

«Жылдың үздік әлеуметтік белсендісі» – эколог Шасалим Шагалимов;

«Жылдың үздік вайнері» – Серғазы Тоқтарбек (Seka Vines).

Мұнан бөлек, сыйлық төрешілерінің шешімімен «Алтын дәуір» арнайы сыйлығы танымал қазақ композиторы, мемлекет қайраткері Төлеген Мұхамеджанов пен Спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Құлназаровқа берілді. Қазақстандық «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қоры 2011 жылы бекіткен ұлттық сыйлық қоғамда танымал адамдар мен ұйымдарға беріледі.

Дауыс беру үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы – алдын ала кезең (ұсыну) болса, бірінші кезең – Facebook желісі арқылы жүргізіліп, ал соңғы кезең сайттың ресми сайтында өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<