ХҚКО 20 жылдық мерейтойы аясында Қызылордада «Азаматтарға арналған үкімет» облыс филиалының қызметкерлерінің қатысуымен «Абай мұрасы – рухани қазына» атты поэзиялық кеш өтті.
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткен кешке облыс бойынша 20-ға жуық қызметкер қатысып, өз өнерлерін паш етті. Ұжым арасында рухани құндылықтарды дәріптеп, Абай мұрасына деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл кеште ақынның 30 жуық өлеңдері оқылып, әндері айтылды. Айта кету керек, поэзия кешіне қатысушылар өз балаларымен бірге өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл Абай мұрасының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатқанының айқын көрінісі.
Кеш соңында әр қатысушыға белсенділігі мен өнерге деген құштарлығы үшін қазақ халқының ұлы ақыны – Абай атамыздың кітаптары табысталды.






