Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлердің оны әлем чемпионы титулынан айырмау жөніндегі өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Геннадий Головкин Ванес Мартиросянмен айқастан кейін 90 күннің ішінде IBF санкция жасамайтын IBF міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесуге келісуі тиіс. IBF ережесі бойынша, егер чемпион санкция жасалмаған жекпе-жекке қатысса, мейлі ол жеңсін немесе жеңілсін оның титулы вакантты деп жарияланады. Головкин Деревянченкомен 3 тамызға дейін жазбаша түрде кездесуге келісуі керек»,-деген IBF президенті Дэрил Пиплстің сөзін келтіреді Yahoo! Sports тілшісі Крис Мэнникс.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<