Қызылорда қаласында пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің игерілуі бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Бәйтерек тұрғын ауданынан жалпы көлемі 9800 га қамтитын 5112 жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталған. Талдау нәтижесі көрсеткендей осы учаскелердің 1883-і мақсатына сай игерілмегені анықталып отыр.
Иелігіне жер алғанымен, жер иесінің оның игерілуіне салғырт қарауы салдарынан тұрғын аудандағы инженерлік инфрақұрылымдардың ұрлану деректері орын алған. Осы ретте, сала мамандары мақсатына сай уақытылы игерілмеген жер учаскелерін анықтап, заң талабына және тиісті алгоритмдерге сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы, қала бойынша 71 304 тұлға жер кезегіне тіркелген. Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелері аталған кезекте тұрған азаматтарға табысталатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<