Бизнестегі әйелдердің үлесі жыл санап артып келеді. Бұл туралы іскер әйелдер форумында айтылды. Өңірлік қаржы институттары өкілдері мен 40-тан астам кәсіпкер қыз-келіншек қатысқан шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастамаға сәттілік тілеп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды саралап өтті.
«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова өтіп жатқан форумның маңыздылығына тоқталды.
Осыдан кейін аймақ басшысы форумға қатысушыларды құттықтап, Сыр өңіріндегі шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жайында айтып берді.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050 стратегиясы» атты Жолдауында атап көрсеткендей, «Әйелдер – отбасының тірегі, яғни мемлекет тірегі. Қыз, әйел – әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал анасы оның ең құрметті адамы». Көптеген әйел кәсіпкерлер жетістігінің рецепті қарапайым: жұмыс істеу және өз жұмысын жақсы көру. Мәселен, өзінің жеке косметикалық империясын құрған Эсте Лаудер: «Ешкім мені тоқтата алмады, мен сатқан нәрсеге сендім» деген екен. Қазіргі таңда республика бойынша кәсіпкер нәзік жандылардың үлесі 50 процент. Бұл көрсеткіш әйелдер кәсіпкерлігінің даму әлеуетінің жоғары екенін білдіреді. Қазақстандағы шағын бизнес кәсіпорындарының 60 проценттен астамын әйелдер басқарады.
Жыл басынан бері облыста Өңірлік инвестициялық орталық арқылы микронесие беру үшін жалпы сомасы 1 млрд теңге болатын 258 жоба мақұлданды және қаржыландырылды. Оның ішінде 112 жоба әйел кәсіпкерлерге тиесілі, – деді облыс әкімі.
Биыл аймақта «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Өңірде «Жол картасы» кешенді бағдарламасы әзірленіп, оны жүзеге асыру үшін барлық қаржы көздері есебінен 32 млрд теңге қаржы бөліну жоспарланды. Қазіргі кезде шағын және орта бизнестегі 84 мыңнан астам адам немесе экономикалық белсенді халықтың үштен бірі жұмыс істейді. Соңғы жылдары бизнестегі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 22%-тен 26%-ке дейін артты. Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша қолданыстағы ШОК субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 10,2%-ке өскені байқалады.

Форумда кәсіпкерлік саласындағы танымал қыз-келіншектер баяндама жасады. «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС бас директоры Рая Үдербаева істі бастаудың оңай еместігін айтты. Ол үшін тек еңбек етіп, белгілі бір жетістікке жеткенше аянып қалмау керектігін жеткізді. «Кез келген істі бастағанда қиыншылық туындайтыны сөзсіз. Бірақ, бастаған ісіңнің нәтиже беретініне айналаңдағыларды сендіру керек» деді ол. Сондай-ақ, кәсіпкерлігін қалай бастағанын, жетістікке жету құпияларын форумға жиналған қыз-келіншектермен бөлісті. Қаламыздың дәл іргесінде таңғажайып бақ бар. Онда Сыр топырағында өспейді, жерсінбейді деген сан түрлі ағаштар, қылқанды, мәуелі, жапырақты және декоративті ағаш түрлері, жеміс талдары жайқалып тұр. Мұнда экзотикалық жеміс ағаштары да жерсіндірілген. Еселі еңбектің иесі, туған өлкені нуға бөлеген Рая Үдербаеваның ісі кейінгі жастарға үлгі боларлық.
Еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 43 процентін әйелдер басқарып, 964 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүкілдүниежүзілік экономикалық Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «әйелдердің экономикалық қатысуы мен мүмкіндіктері» көрсеткіші бойынша Қазақстан 30-шы орында екен. Өңірімізде бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. 2017 жылдың басында облыс әкімінің бастамасымен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ өз қызметін бастады. Орталық өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлермен қатар шаруасын дөңгелентіп отырған жандарға да көмек көрсетеді. Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған тапсырмаларға сай, бизнестегі әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында орталық қызметін электронды форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде. Тиімді цифрландыру шаралары ұлттық экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырумен бірге, кәсіпкер әйелдер үшін жұмыс пен отбасын қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Бұл жайында «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» директоры Қамар Бекетова баяндады.
– Орталықта қызметтер кәсіпкерлер үшін онлайн режимде көрсетіледі, енді «Open kasipker» мобильді қосымшасы өңделіп жатыр. Қосымша іске қосылғанда кәсіпкерлер үйден шықпай-ақ, кәсібін жандандыра алады. «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Геоақпараттық онлайн сервис» бағдарламасы арқылы техникалық шарттарды алу мүмкіндігі қарастырылған. Сервис азаматтардың өтінімдерін тіркеп, оны өңдеп, барлық коммуналдық қызметтерге қосылуға болады. Облыс әкімінің қолдауымен қазіргі күні біз кәсіпкерлер үшін жер телімдерін рәсімдеу мерзімін қысқарттық. Жыл соңына дейін орталықта көрсетілетін барлық қызмет түрі электронды форматқа көшірілетін болады. Мұндай орталық пен геосервис тек біздің өңірде ғана жұмыс жасайды,- деді Қамар Назарбекқызы.
Ал, «Қолөнер» мәдени-этникалық орталығының құрылтайшысы Аида Керімқұлова туризм саласының дамуына үлес қосып жүргенін мақтан ететінін жеткізді. Басты мақсат Қызылорда қаласы мен ауыл-аймақ өнеркәсіп майталмандарының туындыларын насихаттау, нарыққа шығарып, жастарға үлгі-өнеге көрсету болып табылатынын айтты.
– Біз өткен жылы осындай басқосуда заманауи үлгідегі қазақы брендті қалыптастыру, күнделікті киюге ыңғайлы, ұлттық нақыштағы кеңселік ерлер мен әйелдер киімдерін қолданысқа ендіруге ұсыныс жасаған едік. Биыл облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында осы жобам қолдау тапса деп ойлаймын, – деді.
Аида Әбдіқайымқызы этика мен эстетикаға сай ұлттық элементі бар бірегей кеңселік киімді дамытуды көздеп отыр. Бүгінде ұлттық өнеріміз жанданып, қайта түрленіп келеді. Мәселен, биыл наурыз айында Сыр елінің қолөнер туындылары West park Art Center-де өткен мейрамда кеңінен таралып, насихатталды. «Қолөнер» ұлттық нақыштағы орталығы Беларусь елінің елшілігімен бірлесе жұмыс жасап, ұлттық киімдерді қайта қолданысқа енгізу бағытында жұмыстар атқарылып келеді.
Сондай-ақ, форумда «Мой доктор» клиникасының басшысы Ләззат Өмірзақова, «Білім ассоциациясы» оқу орталығының директоры Гүлнұр Салхадинова баяндама жасады. Мұнан кейін аймақтың іскер әйелдерінің қолөнер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<